Ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы

Ақмола облысы

Ақкөл ауданы

«Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі» КММ

Телефон 8(716)3824877   e-mail: kusainov_shool62@mail.ru

Қара-Өзек ауылы

«31» тамыз 2022 жыл

Бұйрық № 25/1

«Тамақтандыруды  ұйымдастыру туралы »

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

2018 жылғы 31қазандағы №598 бұйрығы негізінде 2022-2023 оқу жылында оқушылардың тамақтану сапасын бақылауды қамтамасыз ету  мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «А. Құсайынов атындағы НОМ» КММ- де мектептегі тамақтандыруды  ұйымдастыруына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асылбек Т.М. жауапты болып бекітілсін.
  2.  «А. Құсайынов атындағы НОМ» КММ- де ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру жұмысының  жоспары бекітілсін.
  3. «А. Құсайынов атындағы НОМ» КММ- де ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының құрамы бекітілсін(1-қосымша)
  4. Құрылған комиссия Бракераж комиссиясы туралы Ереже мен Бракераж комиссиясының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде жұмыс атқарсын.
  5. Тамақтың сапасына жауапкершілік мектеп аспазы Байзакова А.С. жүктелсін.
  6. Азық-түлік уақытында жеткізілуіне, азық-түліктің сертификатталуына, ауыз су режимінің сақталуына жауапкершілік шаруашылық меңгерушісі Джаксыбаева А.Т.  жүктелсін.
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын..

Мектеп директоры м.а.:                    М.Қ. Сулейменова

31 тамыз 2022ж.

№ 25/1   бұйрығына

 №1 қосымша

Бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия

ҚҰРАМЫ

  1. Сулейменова М.Қ. – комиссия төрағасы, мектеп директоры м.а.
  2. Асылбек Т.М. - директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  3. Алшинова Б.Т. бастауыш сынып мұғалімі
  4. Кажибаев А.К. – кәсіподақ комитетінің төрағасы