«Екінші ұстаз – Әбу Насыр Әл-Фараби»
ГУ "Средняя школа имени А.Кусаинова"
Тақырыбы: «Екінші ұстаз – Әбу Насыр Әл-Фараби»
Мақсаты: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу. Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылықсезімдерін қадірлей білуге баулу.
Көрнекілігі: портреті, нақыл сөздер, шарлар.
Барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі «Екінші ұстаз –Әбу Насыр Әл-Фараби» атты өткізілгелі отырған Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған зияткерлік сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер! Олай болса ұшқыр ойлы оқушыларымызды ортаға шақырып құрмет-қошемет көрсетіп қояйық.
1-топ «Нұрлы ақыл», 2-топ «Жылы жүрек»
Әділқазылар алқасын сайлау.
Зияткерлік сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтемін.
І тур. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап.
ІІ тур. «Білгенің бір тоғыз» Сөйлем құрастыру.
ІІІ тур. «Сөнбес жұлдыздар»
І тур. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап. Ұяшықтардағы сандарды таңдау арқылы жауап беру. (Екі топқа қойылады).
- 10.Қыпшақ даласынан шыққан шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)
- 20. Әл-Фараби қай жылы дүниеге келді?(870ж)
- 10. Әл-Фараби қай жерде дүниеге келген?
- 20.Ол қандай отбасында туды?
- 30. Әл-Фараби қайда оқыды?
- 30. Ол кімнің ізін қуған?
- 10. Әл-Фарабидің қандай еңбектері бар?
- 20. Оны қалай атаған?
- 30. Әкесінің есімі? (Ұзлағ)
- 10. Арғы атасы? (Тархан)
- 20.Қанша трактат жазып қалдырды? (164)
- 30. Трактат деген сөздің мағынасы? (Ғылыми еңбек)
- 10. Толық аты-жөні, шын есімі кім?
- 20.Отырар қаласын кезінде қалай атаған?
- 30. Әл-Фараби қандай аспаптарды жасаған? (домбыра, қобыз)
- 10.Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы? (Туған жер, достық, адамгершілік т.б.)
- 20 Насыр Әл-Фараби бойындағы көп қасиеттері мен дарындылығы XIX ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
ІІ тур. «Білгенің бір тоғыз» Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
- 164-тен, астам, барлық, саласы, ол, ғылым, мен, өнердің, бойынша, жазған, еңбектер. Жауабы:(Ол 164-тен астам ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша еңбектер жазған.)
- «екінші Аристотель», деп, оны атаған, замандастары. (Замандастары оны «екінші Аристотель» деп атаған.)
- Бағдат, жетілдіру, келді, Әл-Фараби, білімін, үшін, қаласына. (Әл –Фараби білімін жетілдіру үшін Бағдад қаласына келді.)
ІІІ тур. «Сөнбес жұлдыздар»
- Қазақтың тұңғыш ғалымы кім? (Шоқан Уәлиханов)
- 1995 жылы Юнеско шешімімен 150 жылдығы тойланған ақын кім? (Абай Құнанбайұлы)
- Қазақ хрестоматиясының авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
- «Қазақ» газетін шығаруға басшылық жасаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
- Абай кімдердің өлеңін аударды? (Лермонтов, Пушкин, Гете т.б.)
- «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» кімнің өлеңі? (Әл-Фараби)
Қорытынды: Олай болса, оқушылар сендерге Әл-Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл-Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі –бақытқа, бірі –даңққа, бірі –өнер-білімге, бірі –байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің? –депті.
- Әрине, өнер-білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой-даңқ та, байлық та тек қана өнер-білімде –депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдерің сендердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.
Әл-Фараби бабамыздың аты өшпейді, мәңгі сақталады. Себебі, оның артында мол мұра қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Адамның байлығы да, бақыты да, даңқы да ол білім. Білім таусылмайтын асыл қазына.